Байдың қызы
"Байдың қызы" телесериалының басты кейіпкері – ауқатты отбасында тәрбиеленген қыз. Ол бозбалалардың назарына іліге бастайды. Бірақ бойжеткенге жас жігіттің неліктен көңіл білдіретіні түсініксіз болады. Шын көңілмен ұнатып қалды ма, әлде байлығы үшін бе? Осы жағынан алып қарасаңыз, әрине дәулетті отбасынан шыққан қыз үшін бұл аянышты жағдай. Өзін байлығы үшін емес, шын сүйетін адамды қалай табуға болады? Бұл – байдың қызын мазалайтын сұрақ.