Түрік сұлтаны ІІ Мехмедтің Византия мемлекетінің астанасы Константинопольды қалай басып алғаны баяндалады. Оқиға 1453 жылы болған. 1453 жылы 29 мамырда түрік әскерлері Константинополь қаласын жаулап алады. Византия мемлекетінің соңғы императоры Константин XI Палеолог (1444-1453) шайқас үстінде қаза табады. Константинопольдің құлауы Византия империясының өмір сүруін тоқтатты. Константинополь Стамбул (Истанбул) атымен Осман империясының астанасына айналды. Түркия Осман империясы болып жарияланады.