Сонау алыс шалғайда ешқашан адам аяғы баспаған, ешкімге белгісіз, қар мен мұзға оранған ел бар. Бұл елдің шет жағындағы шағын ғана орманның кіп-кішкентай ауылында бір топ жануарлар өмір сүреді.
Олардың бұл аралға қалай келіп, күн жылуы аз түсетін, әрдайым қатты жел тұратын өңірде бірге қалай өмір сүре бастағандары ешкімге белгісіз.
Мультхикая кейіпкерлері - білімқұмар әрі ерке пингвин Пороро, кішіпейіл ақ аю Поби, айлакер, қызыққұмар Эдди, ұялшақ, ибалы Лупи, бұзық Крон, спортшы Петти, әнші колибри Гарри, өзгеғаламшарлық Попо мен Пипи, Эдди жасаған сары робот Роди, сиқыршы Тонг-Тонг, сөйлейтін қызыл көлік Туту, тіл алмайтын мысық Няу.
Олардың мінездері мен қызығушылықтары әртүрлі. Кейде олар ренжісіп қалады, бірақ тез арада қайта татуласады.
Әдетте олар уақытты көңілді өткізеді. Бастарына түскен қиындықтарды да бірге жеңеді. Себебі олар - достыққа адал.