Чон А әулетіне 20- жыл бойы адал қызмет еткен Кан Пиль Чжу есімді жігіт өзінің мақсатына жету үшін, үлкен құрбандыққа барады. Жастайынан жетім қалған ол, тағдырына кінәлі жандардан есеп алуды басты мақсат санайды. Өткен күнге есеп алып, Чон А әулетінің заңды мұрагері екенін дәлелдейді. Телехикаяда махаббат пен мансап, адалдық пен сатқындық үшін күрескен жандардың өмірі көрсетіледі.