«Чикаго баспа машинасы» мистикалық драмасы Оңтүстік Корея экранына 2017 жылы жарыққа шықты. Триллердің ұзақтығы 16 эпизодты құрайды. Басты кейіпкер ретінде Ю А Ин,Им Су Чжон, Го Гён Пё секілді орындаушыларды көре аламыз.
Шым-шытырық оқиға көрермендердің назарын жүз жыл кері уақытқа алып барады. Сол уақыттарда Корея милитарлық Жапония әскерінің билігінде еді. Әскери жағдай елдің көптеген азаматтарының тағдырына таңба салды.
«Чикаго баспа машинасы» дорамасының басты кейіпкері шығармашылық мамандық иесі еді. Ол өз шығармаларын жазумен көп айналысатын танымал, талантты жазушы. Бірақ сюжеттің негізгі бөлігі қазіргі заманда өрбиді. Себебі, жазушының рухы басқа адамның денесінде қайта тіріледі. Ол адам жақын арада ғана басынан өткерген оқиғаларды ескере отырып, әртүрлі бестселлер жазып шығара бастайды.