«Бал тамған өтірік»
ТВ-сценарист Чжи Хо 10 жылдан бері бір адамға ғашық болады. Ішкілікке салынған оны төмен рейтинг үшін жұмыстан шығарып жібереді. Үйіне қайтып келе жатқанда сөмкесін біреу тартып алады. Оны алмақшы болғанда машина қағып кетеді. Осындай сәтсіздіктен соң ол күтпеген сыйға тап болады. Оны қағып кеткен адам өзінің жылдар бойы ғашық болған адамы болатын. Осыдан соң ол өткенін еске түсіре алмаған кейіп танытады.